«Барселона» Погбаны сатып алудан бас тартуы мүмкін
«Барселона» клубы «Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушысы Поль Погбаны алудан бас тартуы мүмкін, деп жазады Mundo Deportivo.
<span>Франция құрамасының ойыншысы сатып алу үшін каталондық клуб 100 миллион евроға шығындалмақ. Сондай-ақ, Поль Погба жаңа командасында кем дегенде 12 миллион евро жалақы тағайындауды талап еткен. </span>
<span>Бұған қоса, футболшының агенті Мино Райола трансферді жүзеге асырғаны үшін қосымша үстемақы алуы мүмкін.</span>
<span>Осыған байланысты, «Барселона» клубының басшылығы бұл трансферден бас тартуы мүмкін. Дегенмен «Пари Сен-Жермен», мадридтік «Реал» және туриндік «Ювентус» қомақты қаржыға шығындалуға әзір.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или