Дмитрий Шомко: Дәл қазір чемпионаттың нағыз қызған шағы
«Астана» қорғаушысы Дмитрий Шомко Премьер-Лига аясындағы «Атырауға» (1:0) қарсы жеңісті ойыннан кейін ойын туралы өз пікірімен бөлісті.
- Шынын айту керек, өте қиын ойын болды. «Атырау» қорғаныста өте сауатты ойын көрсетті. Дегенмен, біздің командада гол соғатын өте көп мүмкін болды, алайда, шабуылды соңына дейін жеткізе алмадық.
- 2-3 күн сайын ойын өткізу қаншалықты қиын?
- Біздің бапкерлер құрамы барынша ротация жасап, біздің әр ойынға жүз пайыз дайындықпен шығуымыз үшін барлық жағдайымызды жасап келе жатыр.
- Бүгінгі кездесуде доп төрт мәрте қақпа бағанасынан кері қайтты. Жолымыз болмады деп санайсыз ба?
- Жолымыз болды ма, болмады ма ол туралы ештеңе айта алмаймын. Қақпаға доп кіргісі келмейтін осындай ойындар болып тұрады. Дегенмен, қажетті голды соғып, маңызды жеңіске жеткенімізге қуаныштымын.
- «Қайраттың» «Жетісуға» қарсы ойындағы жеңілісінен кейін, бесінші чемпиондықтың ауылы жақындады деп айта аласыз ба? Әлде, бәсекелестік әлі де жалғасып жатыр ма?
- Чемпионаттың дәл қазір нағыз қызған шағы. Бізге ешқандай жағдайда босаңсуға болмайды. Бұл футбол, әртүрлі дүние орын алуы мүмкін.
- Еурокубоктық аймаққа таласып келе жатқан «Жетісу» командасына қарсы кездесуден не күтесіз?
- Қай команданың бізге қарсылас атанғандығына қарамастан, біз барлық кездесуде тек жеңіс үшін алаңға шығамыз. Біз үшін әр ойын маңызды.