Еркебұлан «Уфа» сапында алғаш рет негізгі құрамда алаңға шықты
Ресей кубогының 1/16 финалы аясында «Уфа» сырт алаңда «Нижний Новгород» командасымен кездесті, деп жазады prosports.kz.
Аталған ойында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет негізгі құрамда шығады. 18 жастағы футболшы бірінші минуттан бастап ойынға араласып, 52-ші минутта орнын командаласына босатып берді.
Айта кетейік, Еркош ресейлік команда сапында ресми ойында алғаш рет негізгі құрамда өнер көрсетіп отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или