Григорий Бабаян: Қажетті голды соғып, маңызды ұпайға қол жеткіздік

Григорий Бабаян: Қажетті голды соғып, маңызды ұпайға қол жеткіздік

«Атырау» - «Астана»арасындағы ойын аяқталғаннан кейін астаналықтардың бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы Григорий Бабаянның қатысуымен баспасөз жиыны өтті:

- Алаң сапасы сын көтермегендіктен, қапталмен алысқа пас асыру арқылы ойнағанды жөн көрдік. Біз ойынның екі таймында да гол соғатын өте көп мүмкіндік ұйымдастырып, тіпті доп төрт рет қақпа бағанасынан кері қайтты. Егер шабуылшылар бұл мүмкіндіктерді уақытында пайдаланғанда, кездесу жеңілірек болар еді. Бұл жерде қарсылас команданың да ұйымшылдығын айта кеткен жөн. Сондықтан да кездесу соңына дейін талас жүрді. Нәтижесінде, гол соғып, Құдайға шүкір, маңызды ұпайға қол жеткіздік.

- «Атырау» өз ойынымен таң қалдыра алды ма?

-«Атырау» - өте мықты, қызуқанды, ұйымшыл команда. Бұл команда маусым соңына дейін көптеген командалардан ұпай алатынына сенімдімін. «Атырау» осындай көрсеткен ойыны арқылы, Премьер-Лигадан ұшып кетеді деп айта алмаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или