«Астана» чемпиондық атаққа бір табан жақындай түсті
«Астана» командасы Қазақстан Премьер лигасының 25-ші туры аясында өткен «Атырауға» қарсы ойында ұпай жоғалтқан жоқ, деп жазады prosports.kz сайты.<br />
Негізі бұл ойын тең аяқталатындай көрінген. 87-ші минутқа дейін есеп ашылмаған еді. Алайда елордалықтар нағыз чемпионға тән мінез танытып, соңғы сәтте үш ұпайдан шашау шығармай қоржынға салды. Мұнайлы өлкеде мергендік танытқан қосалқы құрамнан шыққан шабуылшы <span>Алексей Щеткин.</span>
<span>Осы жеңісінен кейін Григорий Бабаян шәкірттері бесінші чемпиондық атағына бір табан жақындай түсті.</span>
«Атырау» - «Астана» 0:1 (0:0)
Гол соққан:<span> </span>Щеткин (87) пенальтиден.
«Атырау»: Владимир Логиновский (Қ) - Ризван Аблитаров, Эльдар Абдрахманов, Юре Обшивач, Томислав Барбарич, Франтишек Кубик - Айбар Нурыбеков, Ринат Джуматов (Алексей Родионов 76), Новица Максимович, Дидар Жалмукан - Предраг Сикимич (К) (Джозеф Нейн 81).
«Астана»: Александр Мокин (Қ) - Антонио Рукавина, Марин Аничич, Сергей Малый, Дмитрий Шомко (К) - Юрий Логвиненко (Ласло Кляйнхайслер 66), Иван Маевский, Серикжан Мужиков - Марин Томасов (Роман Муртазаев 73), Педро Энрике (Алексей Щеткин 57), Джуниор Кабананга.