«Қайсар» өз алаңында «Қайраттан» жеңілді

«Қайсар» өз алаңында «Қайраттан» жеңілді

Қазақстан Премьер лигасының 25-ші туры аясында «Қайсар» командасы өз алаңында «Қайратты» қабылдады, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Қызылордадағы Ғ.Мұратбаев атындағы стадионында өткен ойын 1:2 есебімен аяқталды.

Өткен турда «Қайрат» сырт алаңда «Жетісудан» жеңілсе, «Қайсар» өз алаңында «Шахтерді» ұтқан болатын.

Маусым басталғалы негізгі құрамдағы ойыншыларын сапырлыстырып жүрген алматылық клубтың бас бапкері Карлос Феррер бүгін де құрамға үлкен өзгеріс енгізді. Оң қапталда Ахметов негізгі құрамда шығып, орталық алаңда бірқанша ойыншы демалыс алды. Команда капитаны Исламханмен қатар Қуат пен Аршавин де қосалқы құрамда қалды. Ал шабуылға жазғы трансферде қатарға қосылған Эсеола шықты.

Әр ойын сайын бітпейтін осындай аласапыранға қарап, испаниялық маман негізгі құрамда кімді ойнатарына әлі миы жетпей жүргендей көрінеді. Өзінің біліксіз бапкер екенін баяғыда көрсетіп қойған Карлос бүгін де талға кеткен су қармайдының кебін киді.

Бірінші таймда қонақтар алғы шепетегі легионерлеріне сүйеніп есепте басымдылыққа қол жеткізді. Алғашқы 45 минут аяқталғанша есеп 0:2-ге жетті. Ал екінші таймда алаң иелері бір гол соқты.

Премьер лига. 25-ші тур

«Қайсар» - «Қайрат» 1:2 (0:2)

Гол соққандар: Эсеола (24), Иличевич (35) – Аржанов (56).

«Қайсар»: Александр Григоренко (Қ) - Иван Граф, Александр Марочкин, Ильяс Амирсеитов, Дмитрий Евстегнеев - Думан Нарзилдаев, Максат Байжанов (К), Асхат Тагыберген - Владимир Аржанов, Матиас Курьор, Братислав Пуношевац.

«Қайрат»: Стас Покатилов (Қ) - Гафуржан Суюмбаев Шелдон Бато, Сергей Политевич, Елдос Ахметов - Георгий Жуков, Магамед Парагульгов, Хуан Фелипе - Иво Иличевич, Исаэль Барбоза (К), Адеринсола Эсеола.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или