«Ақтөбе» футбол клубы сатылымға қойылды
Қазақстан Премьер-лигасының бес дүркін чемпионы «Ақтөбе» футбол клубы сатылымға шығарылды.
Клубтың сатылып жатқаны туралы Жекеменшік және жекешелендіру комитетінің ресми сайтында жарияланған.
«Ақтөбенің» нарықтық құны мың теңгеге тең.
Комитет сайтында мекеменің тендерге қойылғаны жазылған. Клубтың бастапқы құны 100 миллион теңгені құраған. Хабарландыруға сәйкес, сенімгерлік басқаруға берілген мерзім жеті жыл болып бекітілген.
Тендердің ең соңғы шартында Ақтөбе облысы мен тіпті оның шалғай аудандарындағы балалар футболын дамыту қарастырылған.
Ал ең басты әрі маңызды шарт - сенімгерлік басқару мерзімі аясында басқарушыны тағайындау мен орнынан босату толықтай Ақтөбе облысының қаржы басқармасымен ақылдаса іске асырылу керек.
Оған қоса, клубтың жаңа басқарушысы қайтарылмаған барлық қарыздарды төлеуге тиісті. Соңғы жылдары қаржы жағынан қиындыққа тап болған клубтың қарызы жиналып қалғаны көпшілікке белгілі.