Эрич «Астана» сапындағы 250-ші ойынын өткізді

Эрич «Астана» сапындағы 250-ші ойынын өткізді
Премьер-Лиганың 27-ші туры аясындағы оралдық «Ақжайыққа» қарсы жеңісті кездесу, «Астана» қақпашысы Ненад Эричтің елорда командасы жейдесіндегі 250-ші ойыны ретінде тіркелді.

Ненад астаналықтар сапына 2011 жылы қосылып, осы аралықта Қазақстанның төрт дүркін чемпионы атанып, және де екі мәрте ел Кубогы мен Суперкубогын иеленді.

«Астана» капитаны 250 ойынның, 48-ін еурокубоктарда өткізіп, Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының топтық кезеңінде ойнады.
Эрич «Астана» сапында ең көп ойын өткізген футболшылардың көшін бастап тұр. Оған қоса, «құрғақ» ойындар саны бойынша да ең үздік нәтиже осы ойыншыға тиесілі.

«Астана» сапында ең көп ойын өткізген 10 футболшының ішінде Ненадтан бөлек қазіргі құрамда 5 ойыншы бар. Олар: Абзал Бейсебеков (236 ойын), Дмитрий Шомко (207), Марин Аничич (183), Серікжан Мужиков (155) және Евгений Постников (154).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или