ФИФА-ның марапаттау рәсімі Месси мен Роналдусыз өтеді

ФИФА-ның марапаттау рәсімі Месси мен Роналдусыз өтеді

Бүгін Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласында ФИФА жылдың үздіктерін марапаттайды.

Алайда айтулы шара әлемнің үздік екі футболшысы - Месси мен Роналдусыз өтпек. Португал футболшысы 26 қыркүйек күні өтетін ойынға байланысты шараға келе алмайды. Ал Лионель Месси болса соңғы сәтке дейін іс-шараға қатысады деп жоспарланған. Алайда бүгін футболшы жеке мәселесіне байланысты келмейтін болды. 

Естеріңізге сала кетейік, жылдың үздік футболшысы марапатына Португалия құрамасы мен <span>«Ювентустың» шабуылшысы </span><span>Роналду, «Ливерпуль» және Мысыр құрамасының футболшысы Мохаммед Салах, сондай-ақ «Реалдың» жартылай қорғаушысы және Хорватия құрамасының капитаны Лука Модрич үміткер.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или