ҚПЛ. «Ақтөбе» тағы да көп жанкүйер жинады
Қазақстан Премьер-лигасының 27-турын стадионнан 19400 жанкүйер тамашалады.
Әдеттегідей, жанкүйерлердің басым бөлігі Ақтөбеде жиналды. Жергілікті команда 8 мың фанатының қолдауымен «Тобылды» (3:1) жеңген болатын.
Ал Шымкентте өткен «Ордабасы» - «Ертіс» матчы жергілікті жанкүйерлерге аса қызық болмаған сыңайлы. Бұл ойынға 1200 ғана жанкүйер келген. Қолдау аз болса керек, «Ордабасы» қонақтарға есе жіберді – 0:2.
27-тур матчтарына келген жанкүйерлер саны:
«Ақтөбе» — «Тобыл» — 8 000 жанкүйер
«Ақжайық» — «Астана» — 3 500
«Атырау» — «Қызыл-Жар СК» — 2 500
«Қайсар» — «Шахтёр» — 2 200
«Жетісу» — «Қайрат» — 2 000
«Ордабасы» — «Ертіс» — 1 200.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или