Кабананга «Астананың» еурокубоктағы үздік асистенттер тізімінде үшінші орынға шықты
«Астана» 2018/2019 жылғы Еуропа лигасы топтық кезеінің алғашқы кездесуін киевтік «Динамоға» қарсы өткізіп, 2:2 есебімен тең түсті.
<span>Елордалық команда соққан екі голдың бірінде Жуниор Кабананга Марин Аничичке нәтижелі пас шығарды. </span>
<span>Клубтың баспасөз-қызметі жазған ақпарат бойынша, Жуниор үшін бұл нәтижелі пас «Астана» жейдесіндегі еурокубоктарда берген 4-ші асист ретінде жазылды. Ол осы нәтижесінің арқасында Фокси Кетевоаманы қуып жетті, енді олар клубтың еурокубоктардағы үздік асистенттер тізімінде өзара үшінші орынды бөлісіп тұр. </span>
<span>«Астана» жейдесінде еурокубоктерда Кабанангадан көп нәтижелі пас берген екі ғана ойыншы бар. Олар Патрик Твумаси (5) және Дмитрий Шомко (8). </span>
<span>Айта кетейік, конголық шабуылшы «Астана» сапында еурокубоктерда 6 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.</span>