Әлем футболы

Чемпиондар лигасы. «Барселона» мен «Интер» жеңіске жетті

Чемпиондар лигасы. «Барселона» мен «Интер» жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА Чемпиондар лигасының алғашқы турында В тобындағы матчтар аяқталды.

Каталонияда жергілікті «Барселона» голландиялық ПСВ-ны қабылдаған. Испания чемпиондары қонақтар қақпасына жауапсыз төрт гол соқты. Оның үшеуі Лионель Мессидің еншісіне жазылса, тағы бір голды Усман Дембеле соқты.

Айта кетерлік жайт, алаң иелерінің қорғаушысы Самуэль Умтити 79-минутта екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды.

«Барселона» - ПСВ 4:0 (1:0)

Голдар: Месси 32, 77, 87, Дембеле 75.

Ал нағыз тартысты матч Миланда өтті. Чемпиондар лигасына қайта оралған «Интер» өз алаңында ағылшынның «Тоттенхэмін» ұтты.

Үзіліске дейін есеп ашылмаған еді. Ал 53-минутта Кристиан Эриксен қонақтарды алға шығарды. Матч «Тоттенхэмнің» жеңісімен аяқталуға жақын болған. Бірақ 86-минутта Марио Икарди таразы басын теңестірсе, қосымша уақытта Матиас Весино «Интерге» жеңіс сыйлады.

«Интер» - «Тоттенхэм» 2:1 (0:0)

Голдар: Эриксен 53, Икарди 96, Версино 90+2

Осылайша, В тобында «Барселона» көш бастаса, «Интер» екінші орында тұр. Командалардың еншісінде үш ұпайдан бар. Ал «Тоттенхэм» мен «ПСВ», тиісінше, үшінші және төртінші орындарға орналасты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер