«Астананың» бапкері ҚПЛ мен еурокубок туралы айтты
«Астана» футбол клубы Премьер Лига аясында қызылордалық «Қайсарды» қабылдап, 0:0 есебімен тең түсті.
Ойын соңында елорда командасы бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы Григорий Бабаянның қатысуымен баспасөз жиыны өтті:

- Бізді қиын ойын күтіп тұрғанын білген едік. Себебі, ұлттық құрамалардағы үзілістен кейін толық құрамда екі ғана жаттығу жұмысын өткердік. Өкінішке орай, біз алғашқы таймда допты барынша бақылауда ұстап, өзімізге тән футбол үлгісін көрсете алмадық. Үзілісте, жігіттермен сөйлесіп, екінші таймда жылдам ойнауға тырыстық. Алайда, қажетті жеңіс голын соға алмадық. Ең өкініштісі, біз өз алаңымыздағы маңызды ойында 2 ұпай жоғалтып алдық.

- Сіз бұл кездесуде екі ғана ойыншы алмастырдыңыз. Қосалқы құрамдағы Ласло Кляйнхайслер, Иван Маевский және Ричард Алмейданы ойынды күшейту үшін неліктен алаңға шығармадыңыз?

- Біздің басымызда Киевте өтетін маңызды ойын тұрғандықтан, күшімізді сақтауды ойладық. Біз ол жақта еліміздің намысын лайықты деңгейде көрсете алумыз қажет. Оған қоса, ұлттық құрамалардағы ойындардан кейін, жігіттердің физикалық мүмкіндіктерін де нақты білмейміз. Сондықтан, нақты дайын болған футболшылар ғана алаңға шықты.

- Сіздер үшін ел чемпионы атану ма, әлде Еуропа Лигасында топтан шығу маңызды ма?

- Біз үшін әр ойын маңызды. Сондықтан екі жақты бөліп қарамаймыз.

- Тығыз ойын кестесіне байланысты, команда дайындығына өзгерістер енгізесіз бе?

- Біз дәл мұндай ойын кестесінде бірінші жыл ойнап жатқан жоқпыз. Ең қиыны, бізде жаттығу жұмыстарын өткізетін уақыт жоқ. Бізде ертең қалыпқа келу күні. Ал арғы күні Киевке аттанатын боламыз. Біз Еуропа Лигасының топтық кезеңіне қатты түскіміз келді. Енді топтық кезеңдегі мақсатымызды шешуге тиіспіз.