Акмаль Бахтияров «Арцах» клубына ауысты
«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Акмаль Бахтияров еревандық «Арцах» клубына ауысты.
Ойыншы Ереванға келіп, жаңа ұжым құрамында дайындықтан өтуде. Бұл туралы Бахтияровтың агенті Селюк хабарлады.
«Арцах» Армения премьер-лигасының жоғары дивизионында өнер көрсетеді.
«Арцах» клубының бас бапкері Рафаэль Назарян қазақстандық футболмен жақсы таныс. 2014 жылы «Тоболдың» бас бапкері Вардан Минасянның көмекшісі қызметін атқарған. 2015 жылы сәуір айында қостанайлық команда құрамынан кетті.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 3 шілдесінде Акмаль Бахтияров «Қайрат» футбол клубынан өз еркімен кетіп қалған болатын. Құқықтарын қорғау үшін алматылық клуб Дауларды шешу Палатасына өтініш беруге мәжбүр болды.
Қазақстан футбол федерациясының ДШП бөлімі футболшының әрекетін заңсыз деп танып, 6 айға футболдан шеттетіп және 500 мың теңге көлемінде айыппұл салған болатын.