Джон Терри «Спартакқа» жаңа талап қойды

Джон Терри «Спартакқа» жаңа талап қойды

«Челси» мен Англия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Джон Терри әлі де болса мәскеулік «Спартакпен» келіссөз жүргізіп жатыр.

«СЭ» ақпаратына сүйенсек, ағылшын футболшысы «Спартак» басшылығына жаңа талап қойған. Терри басында жылына 1,9 миллион еуро жалақы алуға келіскен. Алайда кейін одан 1,4 миллионға көп сұрады.

Енді мәскеулік клубтың өкілдері Джон Терримен қайта келіссөз жүргізу үшін Англияға аттанды.

Айта кетейік, Терридің соңғы клубы бирмингемдік «Астон Вилла» болған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или