Бауыржан Тұрысбек: Матчтың нәтижесі біздің ойынымызға тәуелді
- Бауыржан, қарсыластың ойынын зерттеп, әлсіз және мығым тұстарын анықтап үлгерген шығарсыз? Ойынға жоспар қандай болмақ?
- Қарсыластың ойынын қарап, дайындалдық. Бас бапкердің айтқанындай, матчтың нәтижесі біздің ойынымызға тәуелді. Матчта бас бапкердің талабын орындап, жақсы ойын көрсетуге тырысамыз. Ертеңгі ойында жеңіске жету үшін бар күшімізді саламыз.
- Сіздің ұлттық құрамаға салған екі голыңызды көрдік. Ертең қанша гол соғасыз?
- Мен шабуылшымын. Сол себепті әрқашан гол салуды мақсат қоямын. Ертең алаңға шығып жатсам, гол соғу деген нақты мақсат болмайды. Ең басты мақсат - команданың жеңіске жетуі. Мүмкіндік болып жатса, алаңнан голсыз кетпеймін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или