Андорра - Қазақстан ойынына исландиялық төрешілер тағайындалды
33 жастағы Вильяльмюр Тораринссон бас төреші болып тағайыедалды. Оның қапталдағы көмекшілері Йоханн Гудмундссон және Биркир Сигурдарсон.
Бас төрешінің қақпа артындағы көмекшілері - Тороддюр Хьялталин және Ивар-Орри Кристьянссон. Қосалқы төреші: Фрости-Видар Гуннарссон.
УЕФА Ұлттар Лигасындағы Андорра-Қазақстан матчы 10 қыркүйектен 11 қыркүйекке қараған түні елорда уақытымен 00:45-те басталады. "Qazsport" телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетпек.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или