Грузия құрамасы өз алаңында Латвияны жеңді
UEFA Ұлттар лигасы аясындағы екінші матчын өз алаңында өткізген Грузия құрамасы бұл жолы да ұпайдан шашау шығарған жоқ, деп жазады Prosports.kz.
Владимир Вайсс шәкірттері екінші үш ұпайды Латвия құрамасынан тартып алды. Матч есебі 1:0. Ойындағы жалғыз голды алаң иелері 77-ші минутта пенальтиден соқты.
Естеріңізде болса, Грузия құрамасы 6 қыркүйек Астанада Қазақстан құрамасын 0:2 есебімен жеңген еді. Ал Станимир Стоилов бастаған Қазақстан футболшылары бүгін сырт алаңда Андоррамен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или