Гранаткин мемориалы: Қазақстан құрамасы 7-ші орын алды
19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Санкт-Петербург қаласында өткен XXX Гранаткин мемориалы халықаралық жасөспірімдер турнирінде сәтсіз өнер көрсетті, деп жазады prosports.kz.

Александр Кузнецов шәкірттері топтағы алғашқы ойында Қырғызстаннан келген құрдастарынан 1:0 есебімен жеңілді. Бірақ, екінші ойында Түркия жасөспірімдерін дәл осындай есеппен жеңіп, жүлделі орындарға таласу мүмкіндігін сақтап қалған. Алайда, топтағы соңғы ойында алаң иелері Санкт-Петербург қаласының командасынан 4:1 есебімен тас-талқан болып ұтылды.
Осылайша, өз тобында үшінші орын алып 5-8-ші орындар үшін бақ сынасты. Алайда, алғашқы ойында Молдова футболшыларына да есе жіберді.
Молдова U-19 - Қазақстан U-19 - 2:1
Гол соққандар: Александр Осипов (пенальти) 3, Дан Пушкаш - Андрей Ульшин 27.
Ел турнирдегі соңғы ойында топтық кезеңде алдын орап кеткен Қырғызстан құрамасымен қайта кездесті. Бұл жолы толық 11 футболшымен өнер көрсеткен қазақстандықтар қарсыласын 4:0 есебімен талқандады. Сөйтіп, сегіз құрама қатысқан турнирде 7-ші орын алды.

Қырғызстан U-19 - Қазақстан U-19 - 0:4 (0:2)
Гол соққандар: Скворцов 14, 64, Ульшин 45, Жақыпбаев 68
Естеріңізге сала кетейік, Кузнецов бастаған Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өткен кезекті Гранаткин мемориалында күміс жүлде алған еді.