АПОЭЛге қарсы жеңіс «Астананың» еурокубоктердегі 20-шы жеңісі

АПОЭЛге қарсы жеңіс «Астананың» еурокубоктердегі 20-шы жеңісі

«Астана» Еуропа Лигасының плей-офф кезеңінде кипрлік АПОЭЛді өз алаңында жеңіп, осы жеңістің арқасында төртінші жыл қатарынан еурокубоктердің топтық кезеңіне жолдама алды. 

Бұл жеңіс астаналықтардың еурокубоктердегі мерейлі 20-шы жеңісі ретінде тіркелді. Оған қоса, «Астана» дәл осы АПОЭЛге қарсы кездесулерде көбіне жеңіске жеткен. Кипрлік команда Қазақстанға үш рет келіп, елорда командасына дәл осы үш ойында да есе жіберген – екі рет еурокубоктердің іріктеу кезеңі аясында және бір рет Еуропа Лигасының топтық кезеңінде. 

Бұл 20 ойынның ішіндегі ең ірі жеңіс «Маккабиге» қарсы кездесуде тіркелген, есеп 4:0. Астаналық ойыншылар үш доп айырмасымен «Хапоэль» (Израиль, 3:0), армяндық «Пюник» (4:1) және шведтің АИК (3:0) командаларын жеңген, тіпті, соңғы екі нәтиже сырт алаңда тіркелген. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или