Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Молдовадан жеңілді

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Молдовадан жеңілді

19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан XXX Гранаткин мемориалы халықаралық жасөспірімдер турнирінде сәтсіз өнер көрсетуде, деп жазады prosports.kz.

Александр Кузнецов шәкірттері топтағы алғашқы ойында Қырғызстаннан келген құрдастарынан 1:0 есебімен жеңілді. Бірақ, екінші ойында Түркия жасөспірімдерін дәл осындай есеппен жеңіп, жүлделі орындарға таласу мүмкіндігін сақтап қалған. Алайда, топтағы соңғы ойында алаң иелері Санкт-Петербург қаласының командасынан 4:1 есебімен тас-талқан болып ұтылды.

Осылайша, өз тобында үшінші орын алып 5-8-ші орындар үшін бақ сынайтын болған. Алайда, бүгін Молдова футболшыларына да есе жіберді. 

Молдова U-19 - Қазақстан U-19 - 2:1

Гол соққандар: Александр Осипов (пенальти) 3, Дан Пушкаш - Андрей Ульшин 27.

Естеріңізге сала кетейік, Кузнецов бастаған Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өткен кезекті Гранаткин мемориалында күміс жүлде алған еді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или