«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Израиль чемпионатына ауысты

«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Израиль чемпионатына ауысты

Алматылық «Қайраттың» бұрынғы қорғаушысы Тимур Рудосельский<span> алдағы уақытта Израиль чемпионатында өнер көрсететін болады.</span>

23 жастағы қорғаушы «Қайраттың» клубының түлегі. Алматылық команда сапында 61 ойын өткізген. Өткен маусымда жарақатының салдарынан ұзақ уақыт алаңға шыға алмаған. Артынша талдықорғандық «Жетісу» командасына жалға берілді. Енді ол <span>Петах-Тиква қаласының </span>«Хапоэль» командасында ойнайтын болады.

Айта кетейік, 23 жастағы футболшы Қазақстан жастар құрамасының сапында 17 матч өткізген. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или