АПЛ VAR жүйесін сынақтан өткізеді

АПЛ VAR жүйесін сынақтан өткізеді

Ағылшын Премьер-лигасы осы маусымда арбитрлерге бейнекөмек жүйесін сынақтан өткізіп көрмек.

Алғашқы сынақ 15 қыркүйекте АПЛ-дың 5-турындағы бес матчта жүргізіледі. Бұл жүйе осы маусымның 15 матчында қолданылмақ. VAR бір уақытта бірнеше матчта қалай жұмыс істейтінін қарап көреді.

Айта кетейік, бұған дейін бұл жүйе Англияда бірнеше кубоктық матчтарда қолданылған болатын.

Естеріңізге салсақ, VAR жүйесі биыл Ресейдегі әлем чемпионатында толығымен пайдаланылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или