Василий Маруняк: Бізді Албания чемпионына қарсы қызық ойын күтіп тұр

Василий Маруняк: Бізді Албания чемпионына қарсы қызық ойын күтіп тұр
Бүгін Жасөспірімдер Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды. Оған Қазақстан чемпионы ретінде «Астана» командасы қатысады. Елордалықтарға Албанияның «Влазния» клубы қарсылас атанды.

Жеребе қорытындысы туралы «Астана» жастар командасының бас бапкері Василий Маруняк айтып берді:

— Чемпиондар Лигасында әлсіз қарсылас деген атымен жоқ, бізді Албания чемпионына қарсы өте қызықты ойын күтіп тұр. Оған біз де, қарсылас та нық дайындаламыз.

— Қарсыласқа дайындалу бойынша қандай жоспарларыңыз бар?

— Екінші Лиганың 1 және 4 қазан күндері өтетін және төрт ойыннан кейінгі турларын көшіруге әрекет жасаймыз, сонан соң Чемпиондар Лигасына жоспарлы түрде дайындықты бастаймыз, ойынға жақсы жағдайда жетуге тиіспіз. Оның үстіне, біз о бастан-ақ жасөспірімдер Чемпиондар Лигасына қатысатымызды білдік. Жыл басынан бері еурокубоктарды ескере, балаларды осы турнирге дайындадық. Осыған байланысты, «Астананың» Ресейде өтіп жатқан халықаралық «Гранаткин мемориалы» турниріне қатысып жатқан 8 ойыншысы айтарлықтай халықаралық тәжірибе жинауда. Олар бізге Чемпиондар Лигасында аса қажет болады.

— Албаниялықтарға қарсы «Астананың» мүмкіндіктерін қалай бағалайсыз?

— Екі команданың да мүмкіндіктері теңдей, жұрттың бәрі футбол ойнауды үйреніп алған. Сондықтан да, қашанда қарсыласқа жете баға беру қажет, мен мүмкіндіктеріміз 50 де 50 деп ойлаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или