Григорий Бабаян: «Астананың» екінші қоржынға түсуі — бұрын-соңды болмаған жетістік!
«Астана» ФК бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы Григорий Бабаян 2018/19 жылғы УЕФА ЕуропаЛигасының топтық кезеңінде елорда ұжымына «Динамо» (Киев, Украина), «Ренн» (Франция) және «Яблонец» (Чехия) командаларын қарсылас еткен жеребе қорытындысы туралы пікір білдірді
— Жеребе қорытындыларын байсалдылықпен бағалап отырмыз. Еурокубоктардың топтық кезеңінде осал қарсылас болуы мүмкін емес. «Астана» жеребеге 2-қоржыннан салынды. Бұл біз үшін бұрын-соңды болмаған жетістік. Бұл біздің клубтың соңғы 4 жылда қалай дамығанын айқын көрсетеді.
Топтың фавориті ретінде Киевтің «Динамосын» көрсетеміз. Құпия фаворит — Францияның «Ренн» командасы, онда жас дарын иелері өте көп. «Ренн» Францияның 1 Лигасында ойнайды, ол Еуропаның үздік чемпионаттарының бірі.
Чехияның «Яблонецін» де жете бағалау қажет. Бұл команданың еурокубоктарда тәжірибесі болмаса да, чех футболшыларының өзін көрсетуге деген ынтасы толып-тасады.
Біз енді ғана қарсыластар туралы ақпарат жинауға кірістік, сондықтан да бірер жайт туралы егжей-тегжейлі айтуға әлі ерте. Әрине, біз әрбір матчта ұпай алуға тырысамыз. Ел үшін, Қазақстанымыз үшін күресеміз!