FIFA жыл ойыншысы атағына үміткерлерді жариялады

FIFA жыл ойыншысы атағына үміткерлерді жариялады

FIFA жыл ойыншысы атағына үміткер футболшылар тізімін жариялады.

Жақында ғана үздік футболшы атағын иеленген Лука Модрич енді әлемнің жыл ойыншысы атануы мүмкін.

Сонымен қатар тізімде «Ювентустің» сапына ауысқан Криштиану Роналду, «Ливерпульдің» мысырлық сұрмергені Мохамед Салах еніп отыр.

2006 жылдан бері үздік үштіктің қатарынан шет қалып көрмеген «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси биыл тізімге енбепті.

FIFA нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы атағы 24 қыркүйек күні Лондонда өтетін The Best салтанатты шарасында белгілі болады. Үздік футболшыны анықтау үшін ФИФА- аясындағы футбол клубтарының жаттықтырушылары мен капитандары және журналистер мен жанкүйерлер дауыс береді.

Сонымен қатар, Зинедин Зидан, Дидье Дешам және Златко Далич арасында жыл жаттықтырушысы анықталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или