Қазақстан әйелдер құрамасы Англиядан ірі есепте жеңілді
Павлодарда Қазақстан мен Англия ұлттық құрамалары әйелдер арасындағы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz
Ағылшын әйелдері қазақстандық футболшыларды 0:6 есебімен ойсырата жеңді.
Жалпы сегіз кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы 3 ұпаймен соңғы орында жайғасқан. Ағылшындықтар 22 ұпаймен көш бастап тұр.
Қазақстан — Англия 0:6 (0:2)
Голдар: Бетани Мид (9, 82), Рэйчел Дэйли (35), Исабель Кристиансен (55), Люси Стэнифор (66), Люсиа Бронз (87).
Ескерту: Құлмағамбетова 34, Жұмабайқызы 89, Гайстенова 90+4
Қазақстан: Железняк, Қожахмет, Бурова, Құлмағамбетова (Бортникова 74), Қырғызбаева, Нурушева, Карибаева (Гайстенова 43), Мясникова, Жұмабайқызы, Тұрлыбекова, Власова (Вылданова 52)
Англия: Ирпс (Телфорд 67), Бланделл, Джордж, Уолш (Бронз 62), Макманус, Уильямсон, Братон, Кристиансен, Дейли, Стэнифорт, Мид
Бас төреші: Христиана Гутева (Болгария)
4 қыркүйек. Павлодар. Орталық стадион.