Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері бельгиялық клубты жаттықтырмақ
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Бернд Шторк алдағы уақытта бельгиялық «Мускрон» клубын жаттықтыратын болды.
DH.be ақпаратына сүйенсек, «Мускронның» басшылығы клубтың бас бапкері қызметіне Шторкті таңдаған. Кандидатурада бірнеше бапкер болды.
Естеріңізге салсақ, Бернд Шторк Қазақстанды 2008-2011 жылдар арасында жаттықтырған болатын. Сондай-ақ, «Алма-Ата» мен «Цесна» клубтарын, сонымен қатар, Қазақстанның жасөспірімдер және жастар құрамаларын баптады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или