Еркебұлан Сейдахмет пен Бактиер Зайнутдинов жанкүйерлермен кездесті
Бүгін футбол жанкүйерлері Ұлттық құраманың ойыншылары Еркебұлан Сейдахмет және Бактиер Зайнутдиновпен кездесті. Шарада әртүрлі байқаулар ұйымдастырылып, жеңімпаздар жүлделі сыйлықтарға ие болды.
Жиналған жұрт танымал қазақстандық әнші Алмас Кішкенбаевтің орындауындағы әндерді тыңдады. Шара соңында жанкүйерлер Еркебұлан Сейдахмет және Бактиер Зайнутдиновпен суретке түсіп, қолтаңба алды.
Келесі промоакция 1 қыркүйек күні «Keruen City» сауда орталығында сағат 20:00-де өтеді. Жанкүйерлермен жүздесуге ұлттық құраманың ойыншылары Сергей Малый мен Еркебұлан Тұңғышбаев келеді.





Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или