«Астана» - АПОЭЛ: 90 минутта жеңімпаз анықталмады

«Астана» - АПОЭЛ: 90 минутта жеңімпаз анықталмады

Бүгін Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф сатысында «Астана» өз алаңында АПОЭЛ командасымен кездесіп жатыр, деп жазады prosports.kz.

Алғашқы ойында сырт алаңда 1:0 есебімен жеңіліп қайтқан елордалықтар топтық кезеңге өту үшін екі доп айырмасымен жеңу керек болған. Бабаян шәкірттері бірінші таймда сол міндетті жартылай орындады. Бірінші тайм қорытындысы бойынша қазақстандық команда 1:0 есебімен жеңді. Гол авторы Педро Энрике. Гол пенальтиден соғылды.

Ал екінші таймда қонақтар жоғары деңгейде өнер көрсетті. Жанкүйерлер есінде болса Кипр жеріндегі ойын да осылай өткен еді. Алғашқы таймда «Астана», екінші таймда АПОЭЛ жақсы өнер көрсеткен.

Екінші таймда екі команданың да гол соғатын кішігірім мүмкіндігі болғанымен, есеп өзгерген жоқ. Келесі кезең жолдамасының тағдыры қосымша уақытта шешіледі.

Еуропа лигасы. Іріктеу. Плей-офф

«Астана» - АПОЭЛ - 1:0 (1:0)

Гол: Энрике

«Астана»: Ненад Эрич (Қ) (К) - Антонио Рукавина, Евгений Постников, Марин Аничич, Дмитрий Шомко - Иван Маевский, Ласло Кляйнхайслер, Серикжан Мужиков - Марин Томасов, Педро Энрике, Джуниор Кабананга.

АПОЭЛ: Рой Ватерман (Қ) - Эмилио Нсуэ, Праксителис Вурос, Карлао, Кажу - Лукас Соуза, Нуну Мораиш (К), Муса Аль-Таамари, Гайяс Захид - Роланд Шоллои, Реза Гоочаннеиджад.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или