Абзал Бейсебеков: Жеңіске жету үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз

Абзал Бейсебеков: Жеңіске жету үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз

Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі «Астана» мен АПОЭЛ арасындағы қарымта кездесу алдында елорда командасының қорғаушысы Абзал Бейсебеков журналистер сұрағына жауап берді.

— Біз ойынға толықтай дайынбыз. Жанкүйерлердің қызу қолдауының арқасында жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама аламыз деген үміттемін.

— Роман Григорчуктың уақытша қызметінен кетуіне байланысты жаттығу жұмыстарында қандай өзгерістер орын алды?

— Біз өзіміздің соңғы жылдарда ойнап келе жатқан ойынымызды ойнауға тырысып жатырмыз. Роман Иосифович өзінің тактикасын бізге ұғындыруға тырысты. Алайда, ол біздің оң жамбасымызға келген жоқ.

— Антонио Рукавинамен бәсекелестік туралы ойыңызды білдірсеңіз?

— Бұл мен үшін үлкен тәжірибе. Ол Сербия ұлттық құрамасы сапында Әлем чемпионатына қатысқан және Еуропаның белді клубтарында ойнаған тәжірибелі футболшы.

— Кипрдағы ойында командаға не жетіспеді?

— Менің ойымша сәттілік жетіскен жоқ. Бізде гол соғатын өте көп мүмкіндік болған еді.

— АПОЭЛ командасының мықты жаққтары қандай?

— АПОЭЛ — өте жақсы команда. Дегенмен, біз өз алаңымызда өте жақсы өнер көрсетеміз. Ертеңгі кездесуде жеңіске жету үшін, қолдан келгеннің барлығын жасаймыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или