Анри «Бордоның» тізгінін ұстаудан бас тартты

Анри «Бордоның» тізгінін ұстаудан бас тартты

«Арсенал» мен Франция құрамасының бұрынғы шабуылшысы Тьерри Анри «Бордоны» жаттықтырудан бас тартты.

Бұған дейін франциялық клубты жаттықтыруға Анридің өзі де кетәрі емес екені жазылған. Алайда Анри мен «Бордо» келісімшарт жөнінде келісе алмаған. Сонымен қатар, екі тарап клубтың трансферлік саясаты бойынша да ортақ ойға келмеген.

Айта кетейік, Анридің соңғы жұмысы Бельгия құрамасында болған. Ол бас бапкер Роберто Мартинестің көмекшісі міндетін атқарған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или