Венгер: «Суарес – жынмен тең»

«Арсеналдың» бас бапкері Арсен Венгер «Ливерпульдің» шабуылшысы Луис Суаресті мақтады.

«Менінше Англияда Суарезті барлық қорғаушылар жек көреді. Оны тоқтату мүмкін емес», — деді Венгер Telefoot телеарнасына.

«Мен білетінім онымен жұмыс істеу оңай. Суарестің адамгерлішігі мол. Өмірде – періште, алайда жасыл алаңда жынмен тең. Кез келген бапкер командасында осындай ойыншының болғанын қалайды».

Айта кетер жайт, канонирлер маусымның басында Суаресті сатып алмақ еді, бірақ «Ливерпуль» ойыншыны ешқайда жібермеді.

Уругвайлық шабуылшы АПЛ-дың алғашқы бес турына қатыспаған болатын. Бірақ алаңға қайта оралып сегіз кездесуде 14 гол соғып үлгерді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или