Месси Гватемала және Колумбиямен болатын ойын тізімінде жоқ
Аргентина ұлттық құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Лионель Скалони Мессиді құрама сапына шақырмады.<span id="more-32023" />
Гватемала (7 қыркүйек) мен Колумбияға (12 қыркүйек) қарсы болатын жолдастық кездесулерге «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси шақырылмады. Онымен қоса, Серхио Агуэро, Анхель Ди Мария, Гонсало Игуаин де тізімде жоқ болып шықты.
Шақырылған ойыншылардың толықтай тізімі мынадай:
Қақпашылар: Ромеро, Рулли, Армани;
Қорғаушылар: Меркадо, Агуна, Мори, Пецелла, Салвио, Тальяфико, Каннеманн, Франко, Пласидо, Бустос;
Жартылай қорғаушылар: Меца, Варгас, Церви, Васкес, Ло Чельсо, Паредес, Аскасибар, Батталья, Паласиос, Г. Мартинез;
Шабуылшылар: Павон, Корреа, Л. Мартинез, Икарди, Симеоне, Дибала.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или