Қазақстан мен Англия құрамалары арасындағы матч Павлодарда өтеді

Қазақстан мен Англия құрамалары арасындағы матч Павлодарда өтеді
4 қыркүйек күні сағат 21:00-де Павлодар қаласының Орталық стадионында әйелдер құрама командалары арасында 2019 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан - Англия матчы өтеді. 
Бұл туралы Prosports.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап мәлімдейді.

Қазақстан құрамасы алдымен сырт алаңда 30 тамыз күні Ресеймен жолығады. Ал, бес күннен соң Англиямен өтетін ойын іріктеу кезеңінің соңғы кездесуі болмақ. 

Қазақстан мен Англия матчының тікелей көрсетілімі «Qazsport» телеарнасында жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или