Чемпиондар лигасы: «БИИК-Қазығұрт» «Барселонамен» кездеседі
Әйелдер арасында өтетін Чемпиондар лигасы 1/16 кезеңіне жеребе тасталды, деп хабарлайды Prosports.kz
<span>«БИИК-Қазығұрт» каталондық «Барселонамен» кездеседі. Алғашқы ойын - 12/13 қыркүйекте Шымкентте, жауапты матч - 26/27 қыркүйекте Барселонада өтеді.</span>
Шымкенттік футболшы қыздар алғашқы ойынында Грекиямен кездесіп, 2:1 есебімен жеңген болатын. Ал екінші ойында қазақстандық команда Латвияның РФШ командасымен кездесті. Бұл кездесуде де шеберлігі басым шымкенттік қыздардың жолы болды. Қарсыласын 5:0 есебімен тас-талқан етіп ұтты. Осылайша, алғашқы екі ойында да жеңіске жеткен біздің команда өз тобында көш бастады.
<span>Сонымен қатар, австриялық «Ландхаус» командасына қарсы ойын өткізіп, 2:0 есебімен жеңді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или