Еліміздің мини-футбол құрамасы Болгариямен тең тарқасты
Қазақстан құрамасы минифутболдан Еуропа чемпионатының плей-оффына біртабан жақындай түсті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі 24.kz порталына сілтеме жасап.
<span>Кәрі Құрлықтың ең мықты командалары бұл жолы Украинаға жиналған болатын. Жерлестеріміз топтық кезеңдегі үшінші кездесуін Болгария құрамасына қарсы өткізіп, 1:1 есебімен тең түсті. </span>
<span>Алғашқы голды 36-минутта қазақстандық Дидар Сыдық соқса, ойынның соңына қарай Дастан Дарабаевтың рикошеті таразы басын теңестірді. </span>
<span>Айта кетейік, ұлттық құрама осының алдында Ирландия мен Албания командаларын жеңген болатын. Енді «С» тобындағы соңғы кездесуін Босния және Герцеговина аяқдопшыларына қарсы өткізеді. Шешуші матч 17 тамызда өтеді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или