Дани Ольмо: «Астана» - өте қиын, әрі өте мықты команда
«Динамо Загреб» - «Астана» арасындағы УЕФА Чемпиондар Лигасының үшінші кезеңінің жауапты ойыны алдында хорватиялық команда жартылай қорғаушысы Дани Ольмоның қатысуымен баспасөз жиыны өтті.
-  Жаттығу жұмыстары жақсы өтіп жатыр. Астанада өте жақсы нәтижеге қол жеткізе алдық. Дегенмен, қарсыласты бағаламауға болмайды. «Астана» - өте қиын, әрі өте мықты команда. Алайда, біз өз күшімізге сеенміз. Жеңіске жетіп, алға қойған мақсатымызға жету үшін барымызды салатын боламыз.
-  Сен «Динамо» сапында 4 жылдан бері өнер көрсетіп келесің? Команда сапындағы өзгерістерге қандай баға бересің?
-  Жаңа маусым сайын команда құрамында өзгерістер орын алуда. Қазіргі команда құрамында өте жақсы, тәжірибелі ойыншылар бар. Команда ішіндігі атмосфера өте керемет.
-  Болашақта «Динамо» сапынан кету жоспарыңда бар ма?
-  Менің қазіргі бар ойым «Динамо» командасымен тікелей байланысты. Мен Чемпиондар Лигасында ойнап, «Астанаға» қарсы кездесуде жеңіске жеткім келеді. Қазіргі басты ойым осы.
-  Сіз «Динамо» сапында үш бапкердің қол астында ойнадыңыз? Қай бапкермен жұмыс жасаған жеңіл болды?
-  Әрине, әр бапкердің өзіндік қолтаңбасы бар. Қазіргі бас бапкердің қол астында біз өте жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеміз. Команданың тізгінінде жаңа бас бапкер және құрамында жаңа ойыншылар. Дегенмен, біз маусым басынан бастап бір команда ретінде жұмыс жасап келеміз. Сондықтан, бәрі жақсы.
-  Астанадағы кездесу сенің еңбек жолыңдағы ең үздік ойындарыңның бірі деп айта аласың ба?
-  Әрине, Астанада өте жақсы ойын болды. Дегенмен, бұл барлық команда мүшелерінің жемісі деген болар едім. Біз ертең де команда ретінде жақсы ойын көрсететін болсақ, лайықты нәтижеге қол жеткізе аламыз.