Евгений Набойченко «Тобылдың» қақпашыларын жаттықтырады
Марек Зубтың бапкерлер қосыны бір адаммен толықты. Ол – қақпашылар бапкері Евгений Набойченко. Бұл туралы «Тобыл» ФК баспасөз қызметі жазды.

Евгений Набойченко түркімениялық футболшы, Түрікменстан Ұлттық футбол құрамасының экс-қақпашысы. Ашхабадтың «Копетдаг» клубымен бірге Қазақстанның бірнеше клубтарында ойнап, кейін Қазақстанға біржола орнығып қалды, қазір Қазақстан азаматтығын алған. Түркіменстан құрамасында 1997-2004 жылдар аралығында ойнады.
Футболшылық карьерасын аяқтаған соң Қазақстанның бірнеше клубтарында қақпашылар бапкері боп қызмет атқарды.

Жетістіктері

Түрікменстан чемпионы: 1992, 1993, 1994, 1995, 1997
Түрікменстан вице-чемпионы: 1996, 1998
Түрікменстан кубогы: 1993, 1994, 1996, 1999
«Қайрат»
Қазақстан чемпионы: 2004
Қазақстан кубогы: 1999/2000, 2001, 2003