«Бавария» Германия Суперкубогын жеңіп алды
Франкфурт қаласында «Бавария» мен «Айнтрахт» командалары Неміс Суперкубогын сарапқа салды, деп жазады Prosports.kz.
Кездесу 5:0 есебімен аяқталды. Германия чемпионы «Бавария» кубок иегері «Айнтрахтты» айқын басымдылықпен ұтып, Суперкубок иегері атанды.
Матч барысында соғылған бес голдың үшеуін шабуылшы Роберт Левандовски өз еншісіне жазды. Ал қалған екі голды жартылай қорғаушылар Кингсли Коман мен Тьяго Алькантара соқты.
Тағы бір айта кетерлігі «Баварияның» қазіргі бапкері Нико Ковач өткен жылы дәл осы «Айнтрахтты» баптаған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или