ҚПЛ. Екінші айналым аяқталды
Бүгін футболдан Қазақстан чемпионатының екінші айналымы мәресіне жетті.
Петропавлда 22-ші тур аясында «Қызыл-Жар» алматылық «Қайратты» қабылдады. Қонақтар алаң қожайындарының қақпасына үш гол соқса, «Қызыл-Жар» ойыншылары бір голмен ғана жауап қайтара алды. 15-минутта Адеринсола Эсеола «Қайратты» алға шығарса, екі минуттан соң алаң иелері Григалашвилидің көмегімен есепті теңестірді. Алайда екінші таймда алматылықтар жауапсыз екі доп тоғытты. Алдымен, Мартон Эппель қанжығасын майлады, матч соңына таман Исаэль ойын нүктесін қойды. Қорытынды есеп – 3:1, «Қайрат» «Астанаға» жақындай түсті.
Қарағандыдағы ойын жанкүйерлерге ұнай қоймаған шығар. Командалар 90 минут бойы гол соға алмай, матч 0:0 есебімен аяқталды. Бұл кездесуде анау айтарлықтай қызық бола қойған жоқ.
Ал Атырауда жергілікті «мұнайшылар» павлодарлық «Ертісті» қабылдады. Турнир кестесінде соңғы орындарда келе жатқан командалардың матчында алаң иелері жеңіске жетті. 39-минутта Марат Хайруллин «мұнайшыларды» алға шығарған. Екінші таймның басында Аденидже есепті еселеді. Қорытынды есеп – 2:0.
Айта кетейік, кеше 22-турдың екі матчы өтіп кеткен болатын. «Тобыл» «Жетісудан» айласын асырса – 1:0, «Ақтөбе» «Қайсарды» тізе бүктірді – 3:1.
Осы тур аясындағы «Ақжайық» пен «Астана» мамырда өткен еді. Сол ойында оралдық клуб 3:0 есебімен жеңген болатын.
Екінші айналымнан соң «Ақтөбенің» футболшысы Маркос Пиззелли 14 голмен сұрмергендер тізімінде көш бастап келеді. Маусымды «Ақжайықта» бастап, қазір «Қайратта» ойнайтын Адеринсола Эсеоланың еншісінде 12 гол бар.
Турнир кестесі төмендегідей:
