«Ертіс» соңғы орынға түсіп қалды

«Ертіс» соңғы орынға түсіп қалды

«Атырау» Қазақстан чемпионатының 22-турында өз алаңында павлодарлық «Ертіспен» кездескен.

Турнир кестесінде соңғы орындарда келе жатқан командалардың матчында алаң иелері жеңіске жетті. 39-минутта Марат Хайруллин «мұнайшыларды» алға шығарған. Екінші таймның басында Аденидже есепті еселеді. Қорытынды есеп – 2:0.

Осы жеңістен соң «Атырау» 22 ұпаймен қауіпті аймақтан шығып кетті. «Мұнайшылар» 9-шы орында келеді. Ал «Ертістің» жағдайы қиындай түсті. Команда 19 ұпаймен соңғы орынға төмендеп қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или