«Астана» футболшылары Загребке жетті

«Астана» футболшылары Загребке жетті

«Астананың» Қазақстан астанасынан Хорватия астанасына жасаған сапары 6 сағатқа жуық уақытқа созылды. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі жазды. 

<span>Команда жақсы жағдайда Загребке келіп қоғаннан кейін, қонақ үйге аттанып кетті. Роман Григорчук шәкірттері үшін бүгінге жабық жаттығу жұмыстары жоспарланған. </span>

<span>Ал ертең, ресми іс-шаралар – ойын алдындағы баспасөз жиыны мен «Максимир» стадионында БАҚ өкілдеріне арналған ашық жаттығу ұйымдастырылады. </span>

<span>Еске сала кетейік, «Астана» - «Динамо» (Загреб) арасындағы жауапты матч 14 тамыздан 15-ші тамызға қараған түні 00:00-де (Астана уақытымен) басталады. Ойынды QAZSPORT телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или