Роналду жақсы досы Марселоны «Ювентус» командасына шақырып көрмек

Роналду жақсы досы Марселоны «Ювентус» командасына шақырып көрмек

Жақында ғана «Ювентусқа» ауысқан атақты футболшы Криштиану Роналду «Реал Мадрид» сапындағы өзінің ең сенімді серіктесі Марселоны да Италияға шақырып алғысы келеді, деп жазады Prosports.kz.

Мадридтік команданың сол қапталында тізе қоса керемет өнер көрсеткен қос футболшы Турин төрінде қайта жолығуы мүмкін. Себебі, португалиялық шабуылшы <span>«Ювентус» сапында да өзіне Марселоның көмегі керек деп есептейді.</span>

<span>Италиялық ақпарат құралдарының жазуынша, қос футболшы соңғы уақыттарда жиі хабар алмасуда. Роналду туриндік команданың артықшылығы жайлы айтып, Бразилия құрамасының қорғаушысын қызықтыруда. Өз кезегінде Марсело да бұл ұсынысқа қызығушылық танытып отырған көрінеді.</span>

<span></span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или