«Манчестер Юнайтед» — «Лестер Сити»
Бүгін Астана уақытымен түнгі 01.00-де Ағылшын Премьер-Лигасының 2018/19 жж. маусымы аясында «Манчестер Юнайтед» — «Лестер» кездесуі өтеді.<span id="more-31759" />
Жозе Моуриньо баптайтын «МЮ» құрамы бойынша біршама қиындықтар орын алуда. Көптеген ойыншылардың жарақаттары бар және сонымен қатар ӘЧ-2018-ге қатысушылар командамен толыққанды оқу-жаттығу жиындарына қатыса алмады. Алайда, Жозе Моуриньо АПЛ-дың алғашқы матчтарының ешқайсысында жеңіліс таппаған (8 рет ұтыс, 1 рет тең). Орташа ұпайға шақса 2,78, пайыздық көрсеткіші 88,89 % екен. Бұл көрсеткіші АПЛ бапкерлері арасындағы ең үздігі болып табылады.

«Лестер» де маусым алды дайындықтарына көңілдері толады, — деп айта алмаймыз. Олар дайындық матчтарының бесеуінің екеуінде ғана жеңіске жете алды. «Лестер» АПЛ-ғы «МЮ-ке» қарсы 8 матчының ешбірінде жеңіске жетпеген. Сондықтан, жеңіс бүгін МЮ-те деп үлкен сеніммен айтуға болады.


Негізгі құрам: