Ресми: Куртуа – «Реалда», Ковачич – «Челсиде»

Ресми: Куртуа – «Реалда», Ковачич – «Челсиде»

«Челсидің» қақпашысы Тибо Куртуа «Реал Мадридке» ауысты. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі жазды.

Мадридтік клубтың хавбегі Матео Ковачич, керісінше, «Челсидің» жейдесін киді – лондондық клуб оны бір маусымға жалға алды.

Бейресми ақпараттарға сүйенсек, «Реал» Куртуа үшін 35 млн фунт пен Ковачичті бір жылға тегін берген.

26 жастағы голкипер «Челсиге» 2011 жылы ауысып, 154 матч қатысты. Үш маусымын мадридтік «Атлетикода» өткізген болатын.

Ал 24 жастағы Ковачич «Реалға» 2015 жылы ауысып, 109 рет алаңға шыққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или