«Челси» әлемнің ең қымбат қақпашысын сатып алды
Испанияның «Атлетик Бильбао» клубының қақпашысы Кепа Аррисабалага Англияның «Лондон» клубына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz
<span>Кепа Аррисабалага бүгін Мадридте адвокаттарымен бірге Англияның «Лондон» клубынан қажетті қаржыны алып, испаниялық клубпен жасасқан келісімшартын біржақты тәртіппен бұзу үшін тиісті өтемақыны (клаусула) төлеген. Мұны «Атлетик» тарапы да растады. </span>
<span>«Кепа Аррисабалага «Athletic Club-пен» жасасқан келісімшартын біржақты тәртіппен бұзу үшін тиісті талаптардың барлығын орындады. Келісімшартта көрсетілген өтемақы сомасы толықтай төленді. «Атлетик» футболшыға біздің клубқа қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді», - делінген клубтың сайтындағы ресми хабарламасында.</span>
<span>23 жастағы қақпашының трансфері 80 миллион еуроға бағаланды. </span><span>Осылайша, Кепа Аррисабалага әлемдегі ең қымбат қақпашыға айналды.</span>