Саян Хамитжанов: «Астананың» енді қателесуге қақысы жоқ»

Саян Хамитжанов: «Астананың» енді қателесуге қақысы жоқ»

УЕФА Чемпиондар Лигасы іріктеу кезеңінің 3-раунды аясында «Астана» Хорватияның «Динамо» (Загреб) командасына 0:2 есебімен жол берді. «Астана» Президенті Саян Хамитжанов осы ойынның нәтижесі туралы пікір білдірді.

— Ең алдымен жанкүйерлердің алдында бүгінгі ойынның нәтижесі үшін кешірім сұраймын. Олар стадионды түгел толтырып, ойынның басынан аяғына дейін команданы тынымсыз қолдады, жақсы нәтиже күтті. Өкінішке қарай, біз оларды қуанта алмадық. Ойын туралы айтсақ, қарсыластарымыз нақты тактикалық әрі тәртіпті ойын өрнегін көрсетті. Біздің команда ойында басымдыққа ие болып, қысым жасағанына қарамастан, қарсыластар берілмеді, олар бізді әрбір қателігіміз үшін жазалады. Қарсылас команданы бүгінгі нәтижемен құттықтау ғана қалып отыр, бірақ қарымта ойында барымызды салып күресеміз, жағдайды оңалту үшін әлі толық матч бар.

— Жанкүйерлер бірінші ойынмен салыстырғанда қандай өзгерістерді күтуіне болады?

— Бапкерлер құрамы сезімге беріліп шешім қабылдамайды. Салқын ақылмен ойланып, өткен ойынды талдап шығу, содан қарсыластың осал тұсын табу қажет. Енді қателік жіберуге болмайды, біз қателіктердің шегінен асып кеттік.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или