Василий Маруняк: Футболды алдай алмайсың

Василий Маруняк: Футболды алдай алмайсың

«Астана-Ж» Екінші Лига аясында сырт алаңда «Ақтөбе-Ж» командасына 3:1 есебімен жол берді, деп жазады prosports.kz елодалық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Ойынның қалай өрбігендігі туралы елорда командасының бас бапкері Василий Маруняк клубтың баспасөз қызметіне өз пікірімен бөлісті:

- Қарсылас команданы бүгінгі лайықты жеңістерімен құттықтаймын. Олар жеңіске деген жігер таныта білді. Ал біздің ойыншылар болса, «Қайратты» жеңгеннен кейін, чемпионатты да жеңдік деп ойлады ма, бос өнер көрсетті. Бұл біз үшін үлкен мәселе туындатты. Сондықтан, олармен алдағы уақытта сөйлесіп, бүгінгі матчты арнайы талдайтын боламыз.

- Екінші таймда команда көшбасшыларын алмастыруыңыздың себебі неде?

- Біз 12 күнде 4 ойын өткіздік. Бұл жас ойыншыларға физикалық тұрғыдан алғанда үлкен ауыртпашылық тудырады. Сондықтан, барынша құрамды жаңартып, негізгі ойыншылар шаршаған кезде, ойын нәтижесіне қарамастан алаңға 2002 жылы туған жас ойыншыларды шығарып, олдың өздерін көрсетулеріне мүмкіндік бердік. «Тобылға» қарсы ойын алдында бізде аздаған шаршау бар. «Қайратқа» қарсы ойын алдында жігіттер өте жігерлі ойын көрсетсе, бүгін аздап босаңсу болды. Футболды алдай алмайсың. Егер алаңда өзіңді жүз пайыз дәлелдемесең, лайықты нәтижеге қол жеткізу өте қиын. Алайда, бүгінгі кездесуде бізде көптеген гол соғатын мүмкіндіктер болды. Бірақ, шабуылды соңына дейін жеткізе алмадық. Тіпті, ойын есебі 2:1 және 3:1 болған кезде де.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или