«Астана» «Ақтөбеге» 15 ойын қатарынан жеңілмей келеді
«Астана» Премьер-Лиганың 21-ші туры аясында «Ақтөбеге» қарсы ойнап, 1:1 есебімен тең түсті, деп жазады елордалық клубтың ресми сайты.
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Елорда командасы осы нәтижесінің арқасында «Ақтөбеге» қарсы жеңіліссіз сериясын 15 ойынға дейін жеткізді. Астаналықтар соңғы рет бастыс-қазақстандықтарға 2014 жылғы чемпионаттың соңғы турында 3:0 есебімен жеңілген еді.</span>
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Осыдан кейін, «ақ-қызылдар» елорда командасына қарсы кездесулерде 15 матч қатарынан жеңістің не екенін білмей келеді. Тек, осы кездесулердің төртеуі тең аяқталған, ал қалған 11 ойында астаналықтар жеңіске жеткен. Дәл осы 15 ойындағы доп айырмасы 24:5 есебімен елорда командасының пайдасында.</span>